almaz30 тамыз 2026 ж.#AI#News

ЖИ-дың жалмауыз компанияларға қарсы айналғаны туралы оқиға

Үш жыл бойы бір әңгіме естіп жүрміз: ЖИ компанияларды жылдамырақ, арзанырақ, ақылдырақ етеді. Адамдарды жұмыстан қуамыз, орындарына роботтарды жалдап, табысымызды қалтамызға саламыз.

2026 жыл, нақты нәтижелер бар, бірақ олар ойдағыдай емес. Міне, сол компаниялар бойынша не болғаны.

1-ші оқиға: Klarna 700 адамды жұмыстан шығарып, кейін қайта шақырады

2024 жылдың ақпанында Klarna үлкен жаңалық жариялады: OpenAI көмегімен жасалған ЖИ-ассистент алғашқы айында 2,3 миллион клиенттік чатқа жауап берген. Компанияның мақтанып айтуынша, жүйе 700 оператордың жұмысын атқарып, пайдаға шамамен $40млн қосуы тиіс болған.

Бірақ кейін шағымдар көбейді.

ЖИ “тапсырысым қайда?” деген сияқты сұрақтарға жақсы жауап берді. Ал даулар, алаяқтық, қаржылық қиындықтар және эмоциялық мәселелер сияқты күрделі жағдайларда нашар жұмыс істеді.

Клиенттер бір мәселе бойынша қолдау қызметіне бірнеше рет хабарласуға мәжбүр болды. Қанағаттану деңгейі төмендеді.

2025 жылы Klarna басшысы Себастьян Сиемиатковски Блумбергке “біз шектен шығып кеттік” деп мойындады. Шығынды азайтуға тым қатты ұмтылып, сапаны құлатып алғандарын айтты.

Сөйтіп, компания адамдарды қайтадан жұмысқа ала бастады. Ал оларды қайта жалдау үнемдеген ақшадан да қымбатқа түсті.

2-ші оқиға: Макдоналдстың ЖИы 26 наггетке тапсырыс береді

Бұл оқиға тіпті камераға түсіп қалған. Макдоналдс 2021 жылы IBM компаниясымен бірігіп, көліктен тапсырыс қабылдайтын жерде дауыс арқылы жұмыс істейтін ЖИ жүйесін сынады. Кейін оны АҚШтағы 100ден астам мейрамханада іске қосты.

Содан кейін ТикТок бұл жүйенің қызық қателерін көрсете бастады.

Бір видеода ЖИ клиент тоқта деп жалынса да, тауық наггетстерін қоса беріп отырған. Соңғы есеп - 260 наггетс.

Басқа қателер де болды: балмұздаққа бекон қосу, карамельдің орнына сары май салу, бір тәтті шайдың орнына тоғыз шайға тапсырыс беру және көрші жолақтағы көліктің тапсырысын қабылдау.

Компания қызметкерлері жүйенің әртүрлі акценттерді түсінуде қатты қиналғанын айтты.

2024 жылдың маусымында Макдоналдс жобаны тоқтатты. Шілденің 26-сына қарай барлық сынақ мейрамханалары жүйені өшіріп тастады.

Макдоналдс АҚШтағы табысының 70 пайыздан астамын көліктен тапсырыс беру қызметінен алады. Сондықтан бұл ЖИмен ойнайтын жер емес.

3-ші оқиға: Meta мұны ойынға айналдырып, кейін өкінді

2026 жылдың басында Meta қызметкері компания ішінде “Claudeonomics” деген рейтинг жасады.

Ол Метаның 85 мыңнан астам қызметкері арасынан ЖИ токендерін ең көп пайдаланатын 250 адамды көрсетіп, оларға “Token Legend” және “Cache Wizard” сияқты атақтар берді.

Қызметкерлер мұны шындап қабылдады. Кейбіреулері рейтингте жоғарылау үшін ЖИ агенттерін бірнеше сағат бойы жұмыс істеп тұрған күйде қалдырды.

Бір 30 күндік кезеңде қызметкерлер 60 триллионнан астам токен жұмсаған. Бірінші орында тұрған қызметкердің өзі орта есеппен 281 миллиард токен пайдаланған.

Fortune есептеуінше, Claude Opus 4.6-ның ең арзан тарифімен есептегеннің өзінде, тек осы бір қызметкер Метаға $1,4 миллионнан астам шығын келтіруі мүмкін.

Екі күннен кейін Meta рейтинг тақтасын жойды.

Айтпақшы, Цукерберг үздік 250-ліктің ішінде болмаған. Оның CTO-сы да болмаған.

0
A
@almaz

Full-Stack Web Developer

Пікірлер

Автордың соңғы посттары

almaz1 қазан 2026 ж.#Git#Webdev

Git-ті үйрену үшін оның бәрін білу сонша қажетті емес. Бастапқыда мына командалар жеткілікті:

git clone
git status
git add
git commit
git pull
git push

Гитте жүздеген мүмкіндік бар, бірақ олардың бәрін бірінші күні үйренудің қажеті жоқ. Алдымен күнделікті қолданатын 6 команданы меңгеріп ал,

...

0
almaz30 қыркүйек 2026 ж.#Cybersecurity

Құпиясөз туралы қарапайым ереже.

Бір құпиясөзді барлық жерде қолданба.

Себебі бір сайттың деректері тарап кетсе, хакерлер/алаяқтар сол email+password комбинациясын басқа сервистерде де тексеріп көреді.

Оның орнына:

- Әр сервиске бөлек құпиясөз

- Password manager

- Мүмкін болса 2FA

Киберқауіпсізд

...

0
almaz2 қыркүйек 2026 ж.#Business#Startup

SWOT-талдау дегеніміз не?

SWOT талдау - бизнеске, жобаға немесе өзіңе сырт көзбен қарап, жағдайды бағалауға көмектесетін әдіс.

Ол 4 сұрақтан тұрады:

S: Қандай күшті жақтарым бар?

W: Қандай әлсіз жақтарым бар?

O: Қандай мүмкіндіктерді пайдалана аламын?

T: Қандай қауіптерге дайын болуым керек?

Осы

...

0
almaz19 тамыз 2026 ж.#Webdev#Tech

Веб-девелопер болудың жол картасы:

1. HTML

2. CSS

3. JavaScript

4. Git

5. React

6. AI-құралдар

7. Backend Development

8. Databases

9. APIs

10. Deployment

11. Портфолио

1
almaz11 тамыз 2026 ж.#Tarih#Tıl

Неге тиын "тиын" деп аталған?

Бүгінде "тиын" дегенде ұсақ ақшаны елестетеміз. Ал бұл сөздің тарихы ақша пайда болғаннан да ертерек болуы мүмкін.

"Тиын" сөзінің "тиін" деген жануардың атауымен байланысты деген этимологиялық пікір бар. Ертеде аңдардың терісі саудада бағалы зат ретінде қолданылған. Т

...

0
almaz30 шілде 2026 ж.#JavaScript#Webdev#Frontend

JavaScript массивтері бойынша кеңестер

Джаваскрипт массивтерімен жұмыс істеуді меңгеру - таза әрі түсінікті код жазудың кепілі. Функционалды әдістер мен заманауи ES6+ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы күрделі тапсырмаларды небәрі бірнеше жолмен шешуге болады.

1. .map() арқылы трансформация

...

0
almaz26 шілде 2026 ж.#Productivity#Өмір#Жұмыс

Нәтижелілігіңді 10 есе арттырудың 7 оңай жолы:

1. Қанттан бас тарт. Қант тәуелділікке әкеліп, допаминді көтереді де, артынан ағзаны шаршатады. Тәттіні шектеу қуат деңгейі мен көңіл-күйді тұрақтандырады.

2. Алкогольден толықтай бас тарт. Ішімдіктен бас тарту арқылы кешкі отырыстар мен одан кейінгі

...

0