almaz18 тамыз 2025 ж.

# VDS, VPS, Shared hosting: Сайтыма қандай хостинг әперемін?

Сайтыңды немесе қосымшаңды ғаламторда жариялау үшін оған міндетті тұрде сервер қажет. Ал жобаңа қолайлы серверді таңдау кезінде провайдерлер хостингтің түрлі варианттарын ұсынып, оларға түрлі баға береді екенін байқайсың. Кейбір жобалар үшін ең қарапайым “Shared hosting” деп аталатын тариф жарайды, ал кейбіреулері қымбатырақ тарифтерде ғана болатын фнкцияларды қажет етеді.

Осы мақалада хостингтің түрлері және олардың айырмашылықтары түсіндіріледі.

## Shared hosting

Ең арзан және қарапайым таңдау. Осы хостинг түрінде сенің сайтың басқа 100-тен астам сайтпен бірге бір компьютерде жатады. Осыдан сайттың жалдамдығы нашар болу мүмкін.

Оған қоса, кейбір провайдерлер shared hosting тарифына SSH функционалын қоспайды екен, сондықтан провайдерды таңдау кезеңінде тарифқа немене кіретінін оқып алу қажет.

## VDS

VDS хостинг бойынша саған компьютерде бөлек орын, және де процессор, жедел жад, т.б кепілді түрде беріледі. Оған қоса функционалы да кең (SSH, операциялық жүйе қондыру, т.б). Егер сайтың маңызды, немесе оның трафигы үлкен болса, саған VDS қажет.

## Dedicated Hosting

Бөлектелген сервер. Яғни, толықтай бөлек компьютер. Оның бүкіл бақылауы өз қолыңда, бірақ бағасы да жоғары. Dedicated Hosting тек үлкен және өте маңызды жобаларға ғана қажет болады.

0
A
@almaz

Full-Stack Web Developer

Пікірлер

Автордың соңғы посттары

almaz1 қазан 2026 ж.#Git#Webdev

Git-ті үйрену үшін оның бәрін білу сонша қажетті емес. Бастапқыда мына командалар жеткілікті:

git clone
git status
git add
git commit
git pull
git push

Гитте жүздеген мүмкіндік бар, бірақ олардың бәрін бірінші күні үйренудің қажеті жоқ. Алдымен күнделікті қолданатын 6 команданы меңгеріп ал,

...

0
almaz30 қыркүйек 2026 ж.#Cybersecurity

Құпиясөз туралы қарапайым ереже.

Бір құпиясөзді барлық жерде қолданба.

Себебі бір сайттың деректері тарап кетсе, хакерлер/алаяқтар сол email+password комбинациясын басқа сервистерде де тексеріп көреді.

Оның орнына:

- Әр сервиске бөлек құпиясөз

- Password manager

- Мүмкін болса 2FA

Киберқауіпсізд

...

0
almaz2 қыркүйек 2026 ж.#Business#Startup

SWOT-талдау дегеніміз не?

SWOT талдау - бизнеске, жобаға немесе өзіңе сырт көзбен қарап, жағдайды бағалауға көмектесетін әдіс.

Ол 4 сұрақтан тұрады:

S: Қандай күшті жақтарым бар?

W: Қандай әлсіз жақтарым бар?

O: Қандай мүмкіндіктерді пайдалана аламын?

T: Қандай қауіптерге дайын болуым керек?

Осы

...

0
almaz30 тамыз 2026 ж.#AI#News

ЖИ-дың жалмауыз компанияларға қарсы айналғаны туралы оқиға

Үш жыл бойы бір әңгіме естіп жүрміз: ЖИ компанияларды жылдамырақ, арзанырақ, ақылдырақ етеді. Адамдарды жұмыстан қуамыз, орындарына роботтарды жалдап, табысымызды қалтамызға саламыз.

2026 жыл, нақты нәтижелер бар, бірақ олар ойдағыдай емес

...

0
almaz19 тамыз 2026 ж.#Webdev#Tech

Веб-девелопер болудың жол картасы:

1. HTML

2. CSS

3. JavaScript

4. Git

5. React

6. AI-құралдар

7. Backend Development

8. Databases

9. APIs

10. Deployment

11. Портфолио

1
almaz11 тамыз 2026 ж.#Tarih#Tıl

Неге тиын "тиын" деп аталған?

Бүгінде "тиын" дегенде ұсақ ақшаны елестетеміз. Ал бұл сөздің тарихы ақша пайда болғаннан да ертерек болуы мүмкін.

"Тиын" сөзінің "тиін" деген жануардың атауымен байланысты деген этимологиялық пікір бар. Ертеде аңдардың терісі саудада бағалы зат ретінде қолданылған. Т

...

0
almaz30 шілде 2026 ж.#JavaScript#Webdev#Frontend

JavaScript массивтері бойынша кеңестер

Джаваскрипт массивтерімен жұмыс істеуді меңгеру - таза әрі түсінікті код жазудың кепілі. Функционалды әдістер мен заманауи ES6+ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы күрделі тапсырмаларды небәрі бірнеше жолмен шешуге болады.

1. .map() арқылы трансформация

...

0