almaz3 қараша 2026 ж.#Programming

Неге бағдарламадағы қатені "баг" деп атаймыз?

Күнделікті жұмыста "баг пайда болды", "багты жөндедім" деп жиі айтамыз. Ал ағылшын тілінен аударғанда bug - кәдімгі "қоңыз" немесе "жәндік". Жәндіктің кодқа не қатысы бар?

1947 жылы Гарвард университетінің инженерлері Harvard Mark II алып компьютерінің неге дұрыс жұмыс істемей тұрғанын тексереді. Ішін ашып қараса, реленің контактілерінің арасына кәдімгі көбелек қысылып қалған екен.

Инженерлер әлгі жәндікті алып, техникалық журналға скотчпен жабыстырып, астына: «First actual case of bug being found» (Табылған багтың алғашқы нақты жағдайы) деп жазып қояды.

Сол күннен бастап бағдарламадағы кез келген ақау bug, ал оны іздеп тауып, тазарту процесі debugging деп аталып кетті.

0
A
@almaz

Full-Stack Web Developer

Жүктелуде…

Авторға жазылып, келесі посттарын өз лентаңыздан оқыңыз. Қосылу

Пікірлер жүктелуде…

@almaz: Неге бағдарламадағы қатені "баг" деп атаймыз? Күнделікті жұм... – Bruteforce