Вебсайттар олардың мақсатына сәйкес түрлі санаттарға бөлінеді. Кейбірлері бізге тауар сатып алуға, кейбірлері — жаңа ақпаратпен танысуға мүмкіндк береді.

Landing page

Бір парақшадан тұратын және бір ғана мақсаты бар веб-сайт (тауар сату немесе юзерлерді email-жіберілімге тіркеу). Әдетте лендингтер тұрақты дизайн-жүйесін қажет етпейді және конструктор арқылы тез құрастырылады.

Ecommerce

Тауарларды онлайн сатуға арналған веб-сайттар Ecommerce санатына жатады. Ол тек қана Amazon немесе Меломан сияқты онлайн-дүкендер емес. Яғни бір ғана тауарды сататын лендинг-парақшалары да Ecommerce санатына жатады.

Ecommerce сайттарды құру үшін Woocommerce, Shopify, BigCommerce құралдарын пайдалануға болады.

Блог және медиа

Осы санатқа жеке блог немесе кәсіптің жаңалықтарын жариялауға арналған вебсайттар жатады. Менің ойымша медиа сайттарға ең жарасымды платформа — WordPress. Бөлек сайт ашудың балама таңдауы — Medium немесе Blogger, кейбір жағдайларда тіпті Твитер, Тредс сияқты әлеуметтік желілер.