Сайтыңды немесе қосымшаңды ғаламторда жариялау үшін оған міндетті тұрде сервер қажет. Ал жобаңа қолайлы серверді таңдау кезінде провайдерлер хостингтің түрлі варианттарын ұсынып, оларға түрлі баға береді екенін байқайсың. Кейбір жобалар үшін ең қарапайым “Shared hosting” деп аталатын тариф жарайды, ал кейбіреулері қымбатырақ тарифтерде ғана болатын фнкцияларды қажет етеді.

Осы мақалада хостингтің түрлері және олардың айырмашылықтары түсіндіріледі.

Shared hosting

Ең арзан және қарапайым таңдау. Осы хостинг түрінде сенің сайтың басқа 100-тен астам сайтпен бірге бір компьютерде жатады. Осыдан сайттың жалдамдығы нашар болу мүмкін.

Оған қоса, кейбір провайдерлер shared hosting тарифына SSH функционалын қоспайды екен, сондықтан провайдерды таңдау кезеңінде тарифқа немене кіретінін оқып алу қажет.

VDS

VDS хостинг бойынша саған компьютерде бөлек орын, және де процессор, жедел жад, т.б кепілді түрде беріледі. Оған қоса функционалы да кең (SSH, операциялық жүйе қондыру, т.б). Егер сайтың маңызды, немесе оның трафигы үлкен болса, саған VDS қажет.

Dedicated Hosting

Бөлектелген сервер. Яғни, толықтай бөлек компьютер. Оның бүкіл бақылауы өз қолыңда, бірақ бағасы да жоғары. Dedicated Hosting тек үлкен және өте маңызды жобаларға ғана қажет болады.