Продуктты жобалау кезеңінде командалар процессті тездету және сапасын арттыру үшін түрлі методологияларды пайдаланады. Дүрыс методология продуктты құрастырау барысында бюджетті және уақытты босқа жоюды болдырмайды.

Айти саласында Agile методологиясы ең танымалы болып табылады. Agile дегеніміз — процессті икемді қылу үшін арналған методология.

Agile тәсілін пайдалатын командада иерархия жоқ, әр адамның рөлі ғана бар, және олардың бәрі өз міндеттеріне фокус береді. Эджайлдың тағы бір ережесі — ұзақ мерзімді жоспардың орнына қысқа мерзімді өзгерістерге назар беру.

Оның басты мәні — құрастыруды итерацияларға бөлу, және әр итерация бойында продуктқа бір маңызды функция қосу. Команда сол функцияны нарыққа шығарып, оның бойынша метрикалар жинап, қорытындылар шығарып, келесі итерацияларда приоритеттер қандай болатынын шешеді. **Осылай команда уақытын және бюджетті босқа жоймай, продуктқа максималды пайда әкелетін нәрселермен айналысады.

SCRUM

Осы соңғы айтылған ереже, яғни итерациялар арқылы продуктты дамыту, Scrum деп аталады.

Әрине, итерация тәсілі скрамның жалғыз ғана ережесі емес. Мысалы, скрам бойынша продукттің әзірлеушілері организация ішінде бөлімдерге бөлінбей, бір команда болып жасайды.

Ал итерация дегеніміз не екен?

Мысал келтірейін. Ойыңа бір керемет продукт идеясы келеді. Оны әзірлеп, нарыққа шығару үшін команда жинайсың, ақша табасың, офис жалдайсын. Команда оны әзерлеуге уақыт, күш, бюджет жұмсауы керек. Ал соңында сол продуктқа сұраныс табылмай, ол нарыққа қажет емес болып шықса ше? Осыны болдырмау үшін құрастырау және дамыту процессін оңтайландыру қажет. Сол мақсатпен процессті итерацияларға, яғни циклдерге бөледі.

Оны осындай иллюстрация арқылы түсунеге болады:

Осы суретке қарасақ, бір циклдің ішінде бірнеше этап бар екен: зерттеу, жоспарлау, құрастыру және фидбек жинау.

Оны қалай пайдалану керек

Басында продукттің бета немесе MVP версиясын шығаруға болады. MVP дегеніміз — юзердің ең маңызды мәселесін шешетін версиясы.

Гуглды мысалға алсақ, ол продуктте іздеуден басқа талай сервистері бар — почта, аналитика, хром, ассистент және т.б. Бірақ оның ең басты сервисі іздеу болып табылады.

Осылай сенің де продуктың өзінің алғалшқы кезеңінде ең басты сервисіне назар беру керек. Егер сол басты сервисі нарыққа қажет болып табылса, продукт табысты болады.

Сонымен бірінші итерация ішінде продукттің MVP версиясын жоспарлап, азғантай уақытта продуктті қандай фичалармен нарыққа шығаруға болатынын табамыз. Оны әзерлу, нарыққа шығарғаннан кейін юзерлерден фидбек, метрикалар жинап, “продукттың мақсаты жетілді ме”, “продукт нарықта орнын табады ма”, “оны пайдаланатын адам бар ма” деген сияқты сұрақтарға жауап табамыз.

Осы информацияға сүйеніп, тап осылай келесі итерацияны жоспарлаймыз. Осылай әр итерацияда продуктті дамытып, өзгертіп, нарықтың сұраныстарына бейімдеп, жалғастыра береміз.

Әр итерация бір апта немесе бір ай жалғасуы мүмкін, ал тағайындалған скрам мастер деген адам оның бойында митингтер өткізіп, прогрессті бақылап жұреді.

Осылай, өзімнің тәжірибем бойынша түсіндіруге тырыстым. Қателіктер немесе айтылмаған нәрселер болса коммент арқылы жазып жіберіңдер.